“Қарым-қатынас” тренингі

Ағымдағы жылдың 29шы наурызында Атырау облысы бойынша ҚАЖД №79 мекемесінде “Шапағат” ҚҚ психолог маманы Г.Кубышеваның қатысуымен теологиялық және психологиялық оңалту жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында, діни экстремизм және терроризм бабы бойынша жазасын өтеушілермен «Қарым-қатынас тренингі» өтті.

Мақсаты — қатысушылардың айналасындағы адамдармен, қоршаған ортамен жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту және белсенді қарым-қатынас стилін меңгерту. Мінез-құлқы, көңіл-күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әртүрлі адамдарды түсіне білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – баға жетпес байлық.

Тренинг басында «Қарым-қатынас деген не?» сұрағына жауап алынды. «Сахналау» бөлімінде адами қарым — қатынастағы ең басты әдептілік бұл — сәлемдесу болғандықтан, қазақ халқындағы сәлемдесудің бірнеше түрін сахналау тапсырмасы берілді. “Жағымды сөз” тренингі тұлғааралық қарым-қатынасты реттесе, «Екі бақа туралы аңызды» талқылау өз ойларын ортаға салуға мүмкіндік берді. И.Панариннің тест-сауалнамасы бойынша әр қатысушы 4 түрлі пішінді қалаулары бойынша таңдап, сол фигуралар арқылы өздерінің тұлғалық қасиетін анықтады.

​«Көктемгі гүл» арттерапиялық жаттығу барысында бірдей материалдан бір біріне ұқсамайтын әртүрлі гүл жасалып, оны өздеріне ең жақын адамдарына ойша сыйға тартты. “Қарым-қатынас тренингінің” қатысушыларға берері көп болды, шара соңында алған әсерлерімен бөлісті.

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің (бұдан...

Крах финпирамиды: не случайность, а неизбежность 

С ГРОМКИМ ТРЕСКОМ ОБРУШИЛАСЬ ЕЩЕ ОДНА ФИНАНСОВАЯ ПИРАМИДА. ПОД...

Цена нарушенной безопасности

СУД В ЩУЧИНСКЕ ВЫНЕС ПРИГОВОР ПО ДЕЛУ О ВЗРЫВЕ...

Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күні түзеу мекемесінде тойланды

Сотталған азаматшалармен мазмұнды дене шынықтыру-спорттық және тәрбие жұмысын ұйымдастыру,...