Ортада жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты, аяулы қарттарымыздың арқасы. Үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету адамшылықтың ең жоғарғы қасиеттерінің бірі болып саналады.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАДЖ №24 мекемесінің қызметкерлері Өскемен қаласы, Ермак көшесі 4 үйінде тұратын мекемеміздің ардагері Адильбек Акановичке Токушевке барып, қарттар күні мерекесіне орай құттықтап ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп берді. Қария қызметкерлердің қарттарға өскелең ұрпақ үшін жасаған игі істері мен пайым-парасаттылық үлгісін танытқаны үшін алғысын білдірді.
ШҚО бойынша ҚАЖД №24 мекемесінің
ТжКЖБ бастығы әділет капитаны
Қ.Ж.Дүйсенова