12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қара жәшік: ұшақ апатында ол неге аса маңызды зат саналады?

25 желтоқсанда Ақтауда әзербайжандық Embraer 190 ұшағы апатқа ұшырады. Кейінгі дерек бойынша ауруханаларға 29 зардап шеккен адам жеткізілді. Көлік министрлігінің ақпаратына сәйкес бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 Ресей азаматы болған.

Кейін Бас көлік прокуроры Тимур Сүлейменов Embraer 190 жолаушылар ұшағының қара жәшігі табылғанын айтты. Қара жәшік деген не? Ол не үшін маңызды зат ретінде саналады? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді. 

«Қара жәшік» — ұшақ немесе тікұшақ бортында орналасқан, пилоттардың әңгімесін бастан-аяқ өздігінен жазатын (тіркеуші) аспап, сенімді қорғалған жинақтаушы құрал. Бастапқыда өздігінен жазатын мұндай құралдар тек авиацияда қолданылатын, алайда ол біртіндеп басқа да көлік түрлерін пайдалану ісіне ене бастады. Апат болған жағдайда оның себебін анықтау кезінде борттағы пилоттардың әңгімелерінен апаттық жағдайға байланысты айғақтарды іздестіру ісінде қолданылады.

Алдымен, «қара жәшік» деген сөздің мағынасына үңіліп көрейік. Шындығына келер болсақ, «қара жәшіктің» түсі қара емес, оны апат болған жерден тезірек табу үшін көбіне қызғылт сары түске боялады. Екіншіден, «қара жәшік» пішіні жағынан жәшікке мүлде келмейді.

Көбіне шар түрінде жасалады. Оған себеп — дәл осындай пішіндегі дене максимал қысым мен салмаққа төтеп бере алуында. Одан бөлек, қазіргі заманғы әуе кемелерінің бортында бір емес, екі бірдей «қара жәшік» орналасады.

Тарихы

1939 жылы Франсуа Уссено және Поль Бодуин атты екі француз ұшу кезіндегі ақпараттарды жинайтын тұңғыш тіркегіш құралды жасап шықты. Олардың құралындағы механизм тұрақты түрде фотопленкаға күн сәулесі мен ұшу кезіндегі жылдамдық, биіктік және тағы да басқа параметрлердің өзгерісіне байланысты ауытқып тұратын айналардың жүйесі арқасында ақпараттарды түсіріп отыратын. Бұл құралдың басты кемшілігі — ол ұшқыштардың әңгімесін жаза алмайтын. Сондықтан да авиациядағы қауіпсіздік саласы жаңа бір деңгейге көтерілуді талап етті.

1953 жылы аустралиялық Дэвид Уоррен Ұлыбританияда жасалған әлемдегі тұңғыш реактив жолаушылар ұшағының апатын тергеу барысында пилоттар дауысын жазатын құралдың қажет екеніне, сондай-ақ оның көмегімен қайғылы оқиғаның да себебін тезірек анықтауға болатынына көзі жетті. Ол алғашқы «қара жәшіктің» үлгісінде ұшақтың кабинасындағы дауыстарды толықтай жаза алатын мүмкіндіктің болғанын қалады. Одан бөлек, өздігінен жазу құралының жұмыс жасау принципі де түбегейлі өзгерді: күн сәулесі мен фотопленканың орнын жұқа металл сым мен магниттен жасалған деталь алмастырды.

2

Дэвид Уоррен

Жаңа құрал іс жүзінде көп ұзамай сыналды. 1960 жылы Аустралия үкіметі әуе тасымалдаушы компанияларына иелігіндегі барлық ұшақты «қара жәшіктермен» жабдықтау жөнінде бұйрық шығарды. 

Құрылғы және оның қолданылуы

Әдетте ұшақ бортында бірнеше тіркегіш құралдар үздіксіз жұмыс жасап тұрады:

1) Жердегі қызметкерлер әуе кемесін жөндеу жұмыстары барысында қолданатын ұшақты пайдалану кезіндегі тіркегіш;

2) Экипаждың іс-қимылдарын жазып алып отыратын тіркегіш;

3) Ұшақ апатқа ұшыраған жағдайда оның себебін анықтау ісінде пайдаланылатын соққы мен өрттен және судан сенімді қорғалған апаттық тіркегіш құралдары.

Борттағы «қара жәшік» келесі мәліметтерді жинайды:

көліктің параметрлері: жанармайдың қысымы, гидрожүйелердегі қысым, қозғалтқыш айналымы, температура және т.б

экипаждың іс әрекеті: пилоттардың ұшақты қаншалықты дұрыс басқарғандығы, олардың ұшу кезіндегі әңгімелері және т.б

навигациялық мәліметтер: ұшу кезіндегі жылдамдық пен биіктік, бағыт және т.б

«Қара жәшіктің» құрылымы

Ұшақ немесе тікұшақ әуеге көтерілгеннен бастап жерге қонғанға дейінгі барлық ақпарат магниттік сақтау құралдарына (металдан жасалған сым немесе магниттік лента), я болмаса қазіргі заманғы тіркегіш құралдарында беріктігі жоғары жинақтағышқа (флеш-жад) жазылады. Кейін ол ақпараттарды дәл уақытымен сәйкестендіріп оқуға мүмкіндік болады.

1«Қара жәшіктің» ішіндегі жазба лентасы. nationalgeographic.com

Апат болған жағдайда жойқын соққы кесірінен ұшақ бөлшектеніп, әр жаққа шашылып кететіндіктен оның бортындағы жазу аспаптарының барынша жақсы күйде сақталғаны өте маңызды. «Қара жәшіктерді» осындай жағдайда аман алып қалу үшін сыртқы корпусын соққыға төзімді титаннан құяды. Одан бөлек, олардың сыртына ізбес қабаты жағылады. Себебі бұл материал «қара жәшіктің» 30 минут бойына 2 мың градусқа дейінгі жоғары температурада балқып кетуінен сақтайды. Ал ондағы ақпараттардың сақталу кепілдігі — су астында 6 мың метрге дейін бір ай.

1Апатқа ұшыраған ұшақтан табылған «қара жәшік» nationalgeographic.com

Сондай-ақ борттағы өздігінен жазу аспаптарына апат болған жердегі іздестіру жұмыстарын жеңілдету мақсатында апаттық жағдай болған кезде автомат түрде іске қосылатын радиомаяк және акустикалық дыбыс шығарушы белгілер орнатылады.  

Дегенмен де осындай жоғары қорғаныспен қамтамасыз етілсе де, ұшақ апатқа ұшыраған кезде «қара жәшіктердің» үштен бірі толығымен немесе жартылай бүлініп жатады. Бұл жағдайда тергеуші мамандар оны барынша қалпына келтіруге тырысады. Мысалы, олар үзіліп қалған ленталардың қалдығын біріктіріп, ұшқыштардың әңгімесін толық немесе жартылай жазба ретінде тыңдай алады.   

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Ақтаудағы ұшақ апаты туралы не белгілі?

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

РИЭЛТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ: РЕТСІЗДІК ЖАЙЛАҒАН НАРЫҚ

Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығы қарқынды дамып келеді. Алайда бұл салада риэлторлардың қызметі әлі күнге дейін заңмен реттелмеген. Ресми деректер бойынша, елде 1 157 заңды тұлға және 1 636 жеке кәсіпкер риэлторлық қызмет көрсетумен айналысады. Бірақ тіркелмеген риэлторлардың саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына қандай көмек көрсетіледі?

ңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов Ақтауда ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына төленетін төлемдер туралы айтты.

Түкіргендерге салынатын айыппұл мөлшері қанша?

Қоғамдық орындарды, саябақтарды, скверлерді ластағандарға, коммуналдық қоқыс шығарғандарға (ӘҚБтК-нің 434-бабы, 2-бөлігі) он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Жалдамалы тұрғын үйге берілетін субсидияны қалай алуға болады?

Елімізде әлеуметтік осал топқа жататындар мемлекеттен пәтерді жалдау ақысының 50 пайыз мөлшерін ала алады. Судсидиялау тәртібін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі реттейді. Жалдамалы тұрғын үйге берілетін субсидиялау қалай жүзеге асырылады? Оған кімдер және қалай қатысады?

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың деректері жарияланды

ТЖМ Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты ақпаратты жариялады.