12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қара шаңырақ ҚазҰУ-үздіктер қатарында

    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие,Қазақстанда  білім мен ғылымның ірі орталығы, инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Университеттің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлерде барлық саласында табысты еңбек етуде.   Ғылым мен қоғам қайраткерлерінің бірнеше буынын тәрбиелеп шығаратын алтын ұямыз биыл 90 жылдық мерекесін атап өтті

        ҚазҰУ 400-ден астам шетелдік университеттермен ынтымақтастық туралы келісім жасаған. Осы негізде магистрант, докторанттарға екі адамның жетекшілік ету тәжірибесі кеңінен өрістеп отыр. Бір ғылыми жетекші Қазақстаннан болса, екіншісі – шетел ЖОО-дағы белгілі ғалым. Осының бәрі де ҚазҰУ студенттері үшін халықаралық деңгейде оқып, зерттеулер жүргізуге лайықты жол ашады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстанның жетекші классикалық университеті мəртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы. ҚазҰУ-ды  еліміздің барлық жоғарғы білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады.

       Қазақ ұлттық университетінің дамуына Заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы да өзіндік үлесін қосты. Кафедра дайындайтын мамандықтардың оқу бағдарламалары жоғарғы білім беру сапасын арттырып,білікті мамандар санын көбейтуде. Факультет миссиясы-қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін,құқықтану саласында кәсіби құзыреттілікке ие, көзқарастар мен құндылықтарға сай жаңа буындағы заң кадрларын қалыптастыру,мықты маман дайындау. Білім беру бағдарламалары бойынша маман даярлау жоғары білікті профессорлар мен оқытушылар арқылы жүзеге асырылады. Факультетте студенттердің шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін барлық жағдай жасалған. Кафедраларда студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді. Факультет студенттері жыл сайын университетте өткізілетін ғылыми-практикалық конференцияларға, сондай-ақ республикалық және аймақтық конференцияларға, олимпиадаларға, конкурстарға белсенді қатысады.
    ҚазҰУ — сыйластық пен шынайы достықтың мекені, өте ауқымды білім ордасы. ҚазҰУ — талантты және дарынды жастардың басын қосатын құтты мекен. ҚазҰУ — студенттердің тұлғалық дамуына зор әсерін тигізетін, жан жақты қабілеттерін ашатын мүмкіндіктер мекені. Мұнда оқуға түскен студент өзін барлық жағынан дамытуға толық жағдай жасалған.  Қорытындылай келе,университеттің ашылуынан бастап, бүгінгі күнге дейін ҚазҰУ Қазақстанның көптеген рейтингтерінде өзінің позициясын сақтап келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері мемлекеттік аппаратта жоғары қызмет атқарады, мемлекетіміздің барлық салаларында, көптеген танымал компанияларда еліміздің өркендеуі үшін еңбек етуде.

Кусаинов Д.О

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты

Аханова Д.С

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

заң факультетінің магистранты

Алматы облысында ҚАЖ қызметкерлері Бірлік күнін атап өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің...

«ҚАЙРАТ» КОМАНДАСЫ СОТТАЛҒАН БАЛАЛАРҒА СПОРТТЫҚ КИІМДЕР СЫЙЛАДЫ

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотталған азаматтарға салт-дәстүрдің шығу тарихы түсіндірілді

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...

Сотталғандар диктант жазды

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай, Қызылорда...

№37 мекемесінде дәстүрлі түрде ең жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі

Жыл сайын Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты...