12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қара шаңырақ ҚазҰУ-ға 90 жыл!

  Қазақ ұлттық университеті (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)- Қазақстанның білім және ғылым саласындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыруда, білікті мамандар даярлауда және заманауи білім беру мен ғылымды дамытуда маңызды рөл атқарып келеді. Ұлттық деңгейде танылған ҚазҰУ жастарға жарқын болашақтың кепілі бола отырып, олардың жан-жақты дамуына, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті білім алуына жағдай жасайды. Университеттің негізі 1934 жылы қаланған және бастапқыда Қазақ мемлекеттік университеті ретінде жұмысын бастаған.Қара шаңырақ ҚазҰУ осы жылы 90-жылдық мерейтойын атап өтуде.Оқу ордасының мақсаты-мемлекеттің ғылыми және білім беру әлеуетін нығайтып, қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуына үлес қосу.Халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары білікті мамандарды даярлау. Осы бағытта ҚазҰУ әлемдік білім беру және ғылыми кеңістікте өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және үздік білім беру тәжірибелерін енгізуге баса назар аударып отыр. Халықаралық деңгейде танылған университеттердің бірі ретінде әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқан. Бұл студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында шетелдік университеттерде білім алуға, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ҚазҰУ-дің шетелдік серіктестерімен бірге ғылыми зерттеулер жүргізу, инновациялық жобаларға қатысу сияқты бірқатар мүмкіндіктері бар.

      ҚазҰУ студенттерінің тек кәсіби білім ғана емес, сонымен қатар көшбасшылық қасиеттерді дамытуына да ерекше назар аударады. Университетте әр түрлі студенттік ұйымдар, клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді, бұл жастарға өз қабілеттерін көрсетіп, жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өз саласында жетекші болуға ұмтылған студенттер болашақта елдің дамуына өз үлестерін қоса алады. ҚазҰУ аяқтаған түлектер еліміздің әр саласында қызмет етіп, өз білімдерін іс жүзінде қолданып келеді. Университетте алған білім мен тәжірибе оларға мемлекеттік және жеке секторда жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік беруде.Түлектер арасында қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер бар. Олар елдің болашағына айтарлықтай үлес қосып, Қазақстанның бәсекеге қабілетті және дамыған мемлекет болуына ықпал етуде. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — білім мен ғылымды ұштастыра отырып, еліміздің болашағына қызмет ететін интеллектуалды орталық. ҚазҰУ сапалы білім, кең мүмкіндіктер мен үлкен тәжірибе ұсыну арқылы жастарға жарқын болашақтың кепілі болуда. Білікті мамандарды даярлау мен инновациялық зерттеулерді дамытуда жетекші орынды иелене отырып, ҚазҰУ Қазақстанның және әлемнің дамуына үлес қосуда.

     Қазақ ұлттық университетінің дамуына Заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы да өзіндік үлесін қосты. Факультет тек Қазақстандағы ғана емес, шетелдік университеттермен де тығыз байланыста жұмыс істейді. Студенттер мен оқытушылар академиялық алмасу бағдарламаларына қатысып, шетелдік серіктес университеттерде тәжірибе жинақтай алады. Кафедра заманауи әдістерді пайдалана отырып  білімді жоғары деңгейде ұсынады. Студенттерге халықаралық стандарттарға сай білім беріліп, оларды заң саласында жұмыс істеуге даярлайды.

Усеинова К.Р

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты

ҚазҰУ студенттері су мәселесі талқылады

  Қазақстан Республикасының тұрақты даму саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес,...

ҚазҰУ студенттерінің белсенді өмірі

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек жоғары білім...

ҚазҰУ-сапалы білім берудің үлгісі

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстандағы...

ҚазҰУ-еліміздің болашақ көшбасшыларын тәрбиелейтін оқу ордасы

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстанның...

ҚазҰУ студенттері кедейлік мәселесін талқылады

Кедейлік-жалпыұлттық өзекті мәселе        Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң...