Грантқа құжат қабылдау басталды: Шекті баллдар қандай? 

Бүгіннен бастап талапкерлерден білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2026 жылғы 13–20 шілде аралығында үміткерлер құжаттарын жоғары оқу орындарының қабылдау орталықтары арқылы офлайн форматта, виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн немесе eGov порталы арқылы тапсыра алады.

Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер мына құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • жеке куәлік;
  • ҰБТ сертификаты;
  • 3х4 көлеміндегі фото;
  • орта білім туралы аттестат (немесе ТжКБ түлектері үшін диплом).

Ал жеңілдетілген санат бойынша қатысатын талапкерлер тиісті растайтын құжаттарды қосымша тапсырады.

Шекті баллдар қандай?

Білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша келесі шекті баллдар белгіленген:

  • «Педагогикалық ғылымдар» және «Құқық» бағыттары – кемінде 75 балл;
  • «Денсаулық сақтау» – кемінде 70 балл;
  • «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» – кемінде 50 балл;
  • ұлттық жоғары оқу орындары – кемінде 65 балл;
  • басқа жоғары оқу орындары – кемінде 50 балл.

Айта кету керек, жоғары оқу орындары ақылы бөлімге қабылдау үшін өздерінің ішкі шекті балдарын дербес белгілеуге құқылы.

Квота мен цифрландыру

Қабылдау науқаны аясында ауыл жастары мен әлеуметтік осал топтарға арналған мемлекеттік квоталар қарастырылған. Бұл олардың грантқа түсу мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, 2026 жылы «Цифрлық университет» қағидаты жалғасып, қабылдау процесінің басым бөлігі автоматтандырылған. Бұл өз кезегінде конкурстың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Білім беру гранттарының иегерлері 10 тамызға дейін жарияланады.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.

Оқушылар мектепте тегін тамақтанады: Бір балаға күніне қанша ақша бөлінеді? 

Қазақстанда 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектептерде тегін тамақтандырумен қамту ауқымы кеңейтілді. Қазіргі уақытта 1-4-сыныптарда оқитын 1,4 миллионнан астам бала және әлеуметтік осал санаттарға жататын 5-11-сыныптардың шамамен 230 мың оқушысы тегін тамақтанады.