Қайырымдылық жасау қанымызда бар қасиет

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тұрмауы мүмкін емес.
Ата-бабамыз осындай қысқа жіп күрмеуге келмейтін қысылтаяң шақтарда ауызбіршілікті, адалдықты, ынтымақты ту етіп көтерген. Әсіресе, көптің мәселесін қара бастың қамынан жоғары қойған. Қасиетті рамазан айында осындай қайырымдылық акциясымен
Жүректен Жүрекке қоғамдық қоры және Шеврон Мұнайгаз инк компаниясының еріктілері Атырау облысы бойынша Қылмыстық — атқару жүйесінің 79 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталған азаматшаларға арналған кітапханаға кітаптар, кеңсе тауарларын және жатақханада пайдалану үшін отырғыштар әкеліп табыстады. Бұл осы қордың мекемедегі сотталған азаматшаларға ұйымдастырып отырған екінші қайырымдылығы. Бұған дейін мекемедегі сотталған азаматшаларға арналған кітапханаға кітаптар, жихаздар және кондиционер табыстаған еді. Өз кезегінде мекеме әкімшілігі қоғамдық қор мен еріктілерге алғыстарын білдіріп, бұндай игі істің жалғасын күтетіндіктеріне сенімдерін білдірді.

СОТ ТӨРЕЛІГІНДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: КӨМЕКШІ МЕ, ӘЛДЕ БАЛАМА МА?

Цифрландыру дәуірі адамзат қызметінің барлық саласын түбегейлі өзгертіп, заң...

Мемлекеттік сатып алу санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері

Мемлекеттік сатып алу – ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі...

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына – 25 жыл

2026 жылы 1 тамызда Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық...

«Сот кабинеті» – сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырған цифрлық сервис

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік қызметтердің сапасын...