ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА СОТ ҰЖЫМЫ ДА АТСАЛЫСТЫ

Қайырымдылық — ізгіліктің көрінісі. Жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Ізгі іс жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті.

Ата-бабамыз «Бір үй аш болса, бір ауыл аш, бір ауыл аш болса, бүкіл ел аш» деген қағиданы берік ұстанып, адам тағдыры ұлыс тағдырымен тығыз байланысты екенін қапысыз таныған. «Қыран жемін шашып жейді, құзғын жемін басып жейді» деген мақалдың мәніне терең бойлап, жалғыз өзі тойғанша жұртпен бірге қиналуды жөн көрген.

Әлсіздерге, кедейлерге жәрдемдескен адам өзінің адамгершілігін айғақтайды деген ескіден қалған дана сөз бар. Біреудің қайғысына ортақтасу арқылы өз өміріне басқаша қарай бастайды, құндылықтарын қайта зерделейді. Кезінде маңызды көрінген, көңілге маза бермеген мәселелердің түкке тұрғысыз екенін түйсінеді. Қайырымдылық жүректі нұрландырады, өмірге мән дарытады.

Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйласа, екіншілері қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды. Бүгінде сондай игі істер, түрлі акциялар мен жобаларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандардың саны жылдан-жылға артып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен биыл Наурыз мерекесінің мазмұнын байытып, жаңаша атап өту туралы «Наурызнама» тұжырымдасы ұсынылды. Тұжырымдамаға сәйкес 15 наурыз – Қайырымдылық күні деп белгіленді. Наурыз мерекесі қарсаңындағы мұндай іс-шаралар қоғамға қайырымдылық көрсету мәдениетін сіңіріп, жанашырлық пен өзара қол ұшын беру құндылықтарын қалыптастыруға себепкер болады. Осыған орай аудандық сот ұжымы аз қамтылған отбасы балалары мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларына қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, мерекелік сыйлықтар табысталды.

Аян АЛТЫНБАЕВ,

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық

соты әкімшісінің басшысы,

 «Қызылорда облыстық судьялар

Одағының мүшесі»

ОТ ОТЦА К ДОЧЕРИ: ДИНАСТИЯ МАКАШЕВЫХ

В истории судебной системы Казахстана особое место занимают люди,...

«Алакөл алаулары – 2026» 

Ключевым событием открытия туристического сезона на побережье озера Алаколь...

Во благо здоровья 

Хороший подарок получил ко Дню судьи и работника суда...

Медиация в судебном порядке

Наше общество состоит из множества общественных взаимоотношений и, разумется,...

Спартакиада прошла успешно

В канун Дня судьи и работника суда, а также...