Қайырымдылық көмекті қажет етушілерге білдірілетін нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.
Қайырымдылық адам баласының асыл қасиеттерінің бірі және ол кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласымен көмегін, адамгершілік қасиетін білдіреді. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп адамгершілік қасиеттерді баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық жасау, айналасындағы адамдарға қамқорлық жасау қайырымдылықтың көрінісі. Осы орайда БҚО бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты N 74 мекемесінің кезекші ауысым жеке құрамы көмекке мұқтаж қала тұрғынына қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, көмек қолын ұсынды. Өз кезегінде тұрғын көмек көрсеткен мекеме қызметкерлеріне алғысын айтып ақ батасын жеткізді.
N 74 мекемесі ТИБКК орынбасары әділет капитаны С.Джумагазиев


