12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЗЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС

Қазақ халқының дәстүрінде қайырымдылық пен жомарттық ерекше орын алады. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, мұқтажға қол ұшын созу – ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Алайда соңғы уақытта қайырымдылық саласында орын алған кейбір келеңсіз оқиғалар осы түсініктерге қаяу түсірді.

Жақында әлеуметтік желілерде Перизат Қайрат есімді азаматшаның қайырымдылық мақсатында жиналған 1,5 миллиард теңгені жеке бас пайдасына жұмсағаны туралы ақпарат тарап, қоғам белсендісі ұсталып, тергеуге алынды. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, қайырымдылық қорларының қызметіне деген сенімге түскен селкеу түсірді. Бұл күдік өзге де қорлар қызметіне тексерістер қажеттігін көрсетті. Қор ұйымдастырған конкурстарда жеңімпаздардың өз қызметкерлерінің туыстары болуы, шетелге бизнес-класс билеттерімен ұшуы және қымбат мейрамханалардан тамақтануы, шетелден жылжымайтын мүліктер сатып алу сияқты деректер көптеп шыға бастады. Осы ретте, біраз уақыт бұрын Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қайырымдылық мақсатында ақша жинауды реттеу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қайырымдылық көмек көрсету механизмдерін жетілдіру қажет, себебі алаяқтық фактілері тіркелуде. Министр бұл мәселені азаматтық қоғам институттарының кеңінен қатысуымен талқылау қажеттігін атап өтті. Министр Аида Балаева қайырымдылық жүйесін жетілдірудің басты мақсаты – азаматтардың сенімін қорғау және жиналған қаражаттың шынымен мұқтаж жандарға жетуін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Бұл ретте алаяқтық фактілерінің жиі орын алуына байланысты нақты механизмдер енгізу қажеттілігі туындаған. Қайырымдылық саласындағы алаяқтықты болдырмау үшін халықтың ақпараттық сауаттылығын арттыру маңызды. Жеке тұлғаларға немесе күмәнді ұйымдарға ақша аударудан бұрын, олардың заңдылығын және қызметінің ашықтығын тексеру қажет. Сонымен қатар, қайырымдылық қорларының қызметін қатаң бақылауға алып, заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда қатаң шаралар қолдану керек. Қоғамдағы алаяқтықтың жиі орын алуы, әлеуметтік желілерде жарияланған жарнамалардың көбейіп, халықтың осал тұстарын пайдаланып, қаржылық алаяқтардың әрекет етуіне жағдай жасап отыр. Белгілі журналист Аружан Елемесова да осы мәселені көтеріп, халықты алаяқтықтан қорғаудың қажеттігін айтты. Оның пікірінше, қайырымдылықпен айналысатын арнайы ұйымдар заңды түрде тіркеліп, қоғам алдында ашық болуы тиіс. Ал жеке тұлғалардың жобаларын қолдау шектелуі қажет, себебі бұл жүйе халықтың сенімін қайта қалпына келтіруге септігін тигізеді. Қазақстанда қайырымдылық саласына қатысты жаңа заңнамалық өзгерістер әзірленуде. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның мәлімдеуінше, қайырымдылыққа ақша жинау тәртібін реттеу және жетілдіру үшін арнайы жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобы қазіргі уақытта қайырымдылық саласындағы барлық ұсыныстарды қарастыруда. Олар дайын болғаннан кейін тиісті заңнамалық өзгерістер енгізіледі деп күтілуде. Бұл өзгерістер қайырымдылықпен айналысатын ұйымдар мен жеке тұлғалардың қызметін ашық әрі заңды етуге бағытталған. Сонымен қатар, министр бұл шаралар қайырымдылық мақсатындағы қаражаттың тиімді және әділ бөлінуіне ықпал ететінін айтты. Әлеуметтік желілер мен қоғамда бұл бастамаға қатысты пікірлер екіге бөлінді. Кейбір азаматтар қайырымдылыққа қойылатын қатаң талаптар көмекке мұқтаж адамдарды қолдауға кедергі келтіруі мүмкін деп алаңдауда. Ал басқалары мұндай қадамды дұрыс деп есептеп, қаржылық ашықтықтың және бақылаудың қажеттілігін қолдайды. Қазақстанда қайырымдылық жүйесін реттеуге бағытталған бұл бастамалар қоғамның сенімін арттыру және көмекті нақты мұқтаж жандарға жеткізуді қамтамасыз ету үшін маңызды. Алайда, жаңа тетіктерді енгізу кезінде олардың артықшылықтары мен кемшіліктері мұқият ескеріліп, азаматтық қоғаммен тиімді диалог орнату қажет.

Тақырыпқа орай

Аружан ЕЛЕМЕСОВА, журналист: АҚПАРАТ АРҚЫЛЫ АЛДАНБАУДЫҢ ЖОЛЫН КӨРСЕТУІМІЗ КЕРЕК

– Қайырымдылыққа қатысты көтеріліп жатқан жаңа заң жобасын қолдаймын. Елімізде соңғы болып жатқан жаңалықтардан хабарым бар. Біздің қоғам ақпаратты сараптай алмайды. Ненің өтірік, ненің шын екенін білмей, түрлі алаяқтарға ұрынып, соңы алданумен аяқталады. Жалпы, бұл тұста бізге, яғни, ақпарат таратушы мамандарға да көбірек жұмыс жасау керек деп санаймын. Халыққа жарнама тілін түсіндіріп, ақпарат арқылы адам санасына әсер ету жайлы көбірек жазатын болсақ, бәлкім көздері ашылар ма еді? Білмегеннен алаяқтардың құрығына түсіп, көп адам зардап шегуде. Ал ауқымды аудиториясы бар блогерлер халықтың осы бір осалдығын пайдаланып, өз қалталарын толтыруда. Елімізде қайырымдылықпен айналысатын арнайы ұйымдар бар. Олар заң жүзінде тіркелген және мемлекетке әр түскен тиынына дейін есеп береді. Міне, дәл солай жақсылық жасаймын деушілер заңды түрде тіркеліп, қалай жасағысы келсе де жасай берсін. Бірақ барлығы да заң шеңберінде әрі қоғам алдында ашық болуы қажет. Жеке тұлғалардың жобасын қолдап, қалтасын ақшамен толтыруды тоқтатуымыз қажет деген пікірді ұстанамын.

Бекзат-Саттархан ҚАЛДЫБЕКҰЛЫ, журналист: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЛАРЫН ТОЛЫҚТАЙ ТЕКСЕРІСТЕН ӨТКІЗУ ҚАЖЕТ

– Қазақ қашанда жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған халық. Көмек керек болса, қалтасындағы соңғы тиынына дейін беру – қазақтың дархандығы мен кеңдігінің бір белгісі. Дегенмен, «Аңқау елге арамза молда» дегендей, жақсылыққа, қайырымдылыққа деп берген халықтың қаражатын талан-таражға салып жатқандарды көріп, жағаңды ұстайсың. Кеше ғана әлеуметтік желіде желдей ескен «1,5 миллиард теңгені өзінің жеке бас пайдасына жұмсады» деп айыпталып жатқан Перизат Қайрат есімді қыз жайлы жаңалықты мен де көрдім. Әрине, валонтерлардың да отбасылары, бала-шағалары бар. Оларды да асырау қажет. Дегенмен, ойға қонымды айлық алып, жұмыс істесе түсінемін. Бірақ, 1,5 миллиард деген сұмдық қой. Бір мектептің құрылысына жететін қаржы. Қаншама аш отырған балалардың тамағынан жырып алған ас қалай тамақтарынан өтеді екен? Түсінбеймін… Қайырымдылық көмек материалдық тұрғыда мұқтаждарға ғана емес, моральдық тұрғыда да теріс әрекеттерді жасап жүргендерге қажет емес. Меніңше, осындай қайырымдылық қорларын толықтай тексерістен өткізу қажет. Егер халықтың ақшасын жеген жағдайда, қатаң түрде жазалау керек деп ойлаймын.

Аружан МАУЛЕНБАЙ,
«Заң газеті»

Жалдамалы тұрғын үйге берілетін субсидияны қалай алуға болады?

Елімізде әлеуметтік осал топқа жататындар мемлекеттен пәтерді жалдау ақысының 50 пайыз мөлшерін ала алады. Судсидиялау тәртібін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі реттейді. Жалдамалы тұрғын үйге берілетін субсидиялау қалай жүзеге асырылады? Оған кімдер және қалай қатысады?

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың деректері жарияланды

ТЖМ Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты ақпаратты жариялады.

Жылан жылы қандай болады? Қазақстандық астролог жауап берді

Биыл қазақтың жыл санауы бойынша Жылан жылы. Жылан - мүшел есебінің алтыншы жылы, Ұлу жылынан соң, Жылқы жылынан бұрын келеді. Қазақ бұрыннан әр жылдың өзіне тән сипатын берген. Ал Жылан жылы қандай болады?

Қазақстанда автокөліктің утиль алымы төленгенін қалай тексеруге болады?

Автокөлікті тіркеу және заңды түрде пайдалану үшін утиль алымының төленгенін тексеру - маңызды қадам. Әсіресе шетелден әкелінген көліктерді сатып алу кезінде бұл мәселені назардан тыс қалдырмау керек.

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ бортында қанша қазақстандық болған?

Министрліктің алдын ала ақпаратына сәйкес бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған.