12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«ҚАЙРАТ» КОМАНДАСЫ СОТТАЛҒАН БАЛАЛАРҒА СПОРТТЫҚ КИІМДЕР СЫЙЛАДЫ

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде кәмелетке толмаған сотталғандар арасында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні аталып өтті.
Салтанатты мерекеге арналған кештің мақсаты – жазалы жасөспірімдерге көпұлтты Қазақстан Республикасыдағы халықтар достығын дәріптеу және әр ұлттың өнері мен салт-дәстүріне қолдау білдіру.
Мереке күні жасөспірімдер өзбек, қырғыз, украин, беларус, шешен, әзербайжан тілдерінде өлең оқып, ән шырқады, олардың ұлттық билерін биледі.
Сондай-ақ жасақ бастықтары мен мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Н. Айтбековтің ұйымдастырумен сотталған балалар арасында шағын футболдан жарыс өтті.
Ең қуаныштысы – Алматы қаласы «Қайрат» футбол командасының өкілдері жазалы жасөпірімдерге спорттық киімдер сыйлады.
Мерекелік салтанат соңында балалар әртүрлі ұлт өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі туралы бейнероликті тамашалады.

Сот тәртібімен банкрот деп тану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы...

Судьялыққа адал қызметтің айшықты үлгісі

  Биыл Қазақстан Республикасының сот жүйесінде абыройлы еңбек етіп,...

Код рода: возвращение к корням

ЕСЛИ БЫТЬ ЧЕСТНЫМ, КАЗАХСКИЙ НАРОД НИКОГДА НЕ РАССМАТРИВАЛ РОДСТВО...

Итоги работы Кассационного суда по гражданским делам

С 1 июля 2025 года в Казахстане начал работу...