Қай облыстарда жаңа су қоймалары салынады?

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «Жедел желі» бағдарламасы қай облыстарда жаңа су қоймалары салынатынын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Қазақстан» телеарнасына сілтеме жасап. 

Жамбыл облысында 3, Түркістан облысында 3, Ақтөбе облысында 4, Батыс Қазақстан облысы мен Қарағанды облысында екеуден жаңа су қоймасы салынады.

«Жаңа су қоймаларын 3 мақсатта салып жатырмыз. Біріншіден, көктем кезінде су тасқынының алдын алу, екіншіден, жинаған суды тиімді пайдалану, ал үшіншіден, экологиялық ағынды қамтамасыз ету», — деді министр.

Министр елдегі су қоймаларындағы жиналған су көлемін айтты.

«Қазір вегетация аралық кезеңде біз Батыс Қазақстан, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Орталық Қазақстанда су қоймаларды босатып жатырмыз. Себебі келесі жылдың көктемгі мезгіліндегі су тасқынына дайындалып жатырмыз. Орташа есеппен алғанда 50 пайызға дейін босатуымыз керек», — Нұржан Нұржігітов.

Қазақстанға шетелден қанша су келеді?

Оның айтуынша, Сырдария өзені сырттан келетін су көлеміне тәуелді. Өзендегі судың 90 пайызы басқа мемлекеттен келеді.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.