Қай министрлікте жемқорлық көп анықталды?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қай мемлекеттік органда жемқорлық дерегі көп тіркелгенін атады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға жауапта айтылған.

Антикор мәліметінше, биыл 10 айда жемқорлықпен әшкереленген адамдардың ең көп саны Ішкі істер министрлігінде (93), Ауыл шаруашылығы министрлігінде (29), Қаржы министрлігінде (27) және Денсаулық сақтау министрлігінде (14).

Еске салайық, бұған дейін жемқорлық дерегі көп тіркелген өңірлер туралы жаздық. 

Антикор мәліметінше, биылғы 10 айда тіркелген жемқорлықтың ең көп саны Шымкент (87), Астана (83) қалаларында, сондай-ақ, Алматы (67) және Абай облыстарында (55).

Агенттік өкілдері бұл өңірлерде көбіне қай салада жемқорлық дерегі көп анықталғанын да айтты:

  • Шымкент қаласында Әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласында 9 қылмыс, білім беру саласында 7 қылмыс тіркелген.
  • Астана қаласында білім беру саласында 13;
  • Алматы облысында білім беру саласында 21;
  • Абай облысының ауыл шаруашылығы саласында 6 жемқорлық қылмысы тіркелген.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.