Путин газды Еуропа мен АҚШ-қа рубльге сату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

Ресей президенті Владимир Путин табиғи газды Еуропа елдері мен АҚШ-қа ресейлік рубльге сату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол түкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Біздің өнімді Еуроодақ және АҚШ-қа жеткізіп, доллар мен еурода ақы алудың ешқандай мағынасы жоқ екені белгілі. Сондықтан ақы алу мәселесінде аз уақытта кешенді шаралар қабылдап, табиғи газды ресейлік рубльге сату туралы шешім қабылдадым. Яғни есеп айырысу кезінде өзге валютаны қолданудан бас тартамыз», — деді Путин. 

Оның сөзінше, Ресей табиғи газды келісімшарттаркөрсетілген баға белгіленімі мен көлеміне сәйкес жеткізуді жалғастыра береді. 

«Өзге әріптестерімізге қарағанда біз сенімді серіктес ретінде абыройды бағалаймыз. Өзгеріс тек төлем валютасына енеді», — деп түсіндірді Путин. 

Осы секілді мәлімдемені «Роскосмос» директоры Дмитрий Рогозин де жасаған. 

«Біз де барлық сыртқы келісімдерді ресейлік рубль арқылы жасаймыз», — деді Рогозин. 

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...