ПСИХОСОМАТИКАМЕН ЖҰМЫС

Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің психолог мамандарының ұйымдастыруымен мекемедегі жаза мерзімін өтеуші азаматтарға «Психосоматикамен жұмыс» тақырыбында изотерапия жаттығуы өткізілді.

Психосоматикалық теорияны қолдайтындардың ойынша барлық қиындық жағымсыз эмоцияда емес, мәселе -ол эмоциялардың сыртка шықпауында. Адам бойындағы ашу-ыза, қорқыныш, қайғы -мұң сияқты кез-келген эмоция сыртқа шықпаса ауруға душар етеді.

Мысалы ашуымызды көрсетпесек, ол ренішке айналады. Ал реніш жанымызды жегідей жеп, бір күні өмірімізге қауіпті аурулардың туындауына әкеліп согады. Сондықтан да тренинг жаттығулары сотталған азаматтармен әңгімелесу немесе сурет салдыру, логикалық ойындар, кездесулер арқылы артық ойдан арылуына, іштегі уайымын жасырмай ашық айтуға бағытталады.

Алайда кейбір сотталған азаматтармен тілдесу қиынға түседі. Себебі ойын ашық айтпай, эмоциясын ішінде сақтайтын азаматтармен изотерапия арқылы сурет салдырып,шығармашылық демалуға, қиял әлеміне саяхаттауға мүмкіндік берген дұрыс.
Айталық,аталған жаттығу барысында сотталған азаматтар ақ қағазға түрлі-түсті бояуларды қолдану арқылы еркін тақырыпта сурет салды. Бір сәт өздерін кәсіби суретшілердей сезінген азаматтардың бірі отбасын бейнелесе, бірі жарқын болашағын, бірі бостандықты суреттеген.

Осылайша сурет салу арқылы шығармашылық шабыт алып, жағымсыз ойдан
арылған сотталған азаматтар мекеме психологына алғысын білдірді.

ЗК-169/5 мекемесі

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...