Психологтар сотталғандармен тренинг өткізді

Бүгін Қызылорда қаласы ҚАЖД—не қарасты 60 мекемесінде сотталғандар арасында әлеуметтік —психологиялық тәрбие жұмысы бөлімнің психологиялық қамтамасыз ету тобының психологтары сотталғандармен «Қарым—қатынас, өзара іс—қимыл және өзара түсіністік» тақырыбында тренинг өткізді.
Шараның мақсаты—жазасын өтеуші азаматтардың өз мінез —құлқын сырттан бағалай отырып, өзін басқалармен салыстыру және нақты жағдайларда қарым —қатынасын түзету, сонымен қатар тренинг барысында оң көңіл —күйді сақтай отырып, ішкі сезімдерімен еркін бөлісуге дағдыландыру.
Шара барысында жазасын өтеуші азаматтар өз шеберліктерін пайдалана отырып, ойын жаттығу әдісіне қызығушылықпен қатысып, алған әсерлерімен өз пікірлерін білдірді.
Өткенге өкінгенмен уақыт қайта келмейді, сондықтан өзгеге кешіріммен қарап, өзіміздің кәтеліктерімізді түсініп оны түзетуге бел байладым және менің түзелу жолыма үлкен үлесін қосып, ат салысып жүрген психологтардың қызметіне де алғыс білдіремін деді, —сотталушы.
Қорытындылау барысында шеринг әдісі қолданылды.

ҚАЖД №60 мекемесі

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...