Психологиялық кеш

СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімі Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп көрме ұйымдастырды.

Сотталғандарға 8 кітап, психологиялық сипаттағы ғылыми құралдар ұсынылды. Сотталған әйелдер кітаптарды талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, алған білімдерімен бөлісті. Кездесу соңында сотталғандар кітапхана қызметкерлеріне мекеменің кітапхана қорына көркем және ғылыми-практикалық әдебиеттерді толықтырғаны үшін алғыстарын білдірді.

Бұл іс-шараның мақсаты-сотталғандарға кітапқа деген сүйіспеншілікті және өзін-өзі тәрбиелеуге және зияткерлік деңгейдің өзін-өзі дамытуға деген қызығушылықты ояту.

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...