Психолог мамандар сотталғандардың мінез-құлқын анықтады

ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінде, психолог мамандар «Ақсұңқар» психодиагностикалық зерттеу аппаратымен 85 сотталғанның психологиялық мінез-құлқын анықтады. ҚАЖ департаментінің №68 және №37 мекеменің психолог мамандары Салтанат Кеңес және Ақгүл Аманова мекемедегі жазасын өтеушілерді қабылдады.

-Қабылдау барысында 85 сотталған азаматқа танысу, ой бөлісу, пікір алмасу кезеңдері бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бұл құрылғы сынақ режимінде жұмыс істейді және өтірікті анықтай алады. Осылайша біз оларды есепке аламыз. Бұл аппараттар оларда қолданылатын әдістемелер санын ұлғайту, сондай-ақ компьютерлік бағдарламаның өзін жаңғырту есебінен тексеру көлемін ұлғайтуға және тексеру нәтижелерінің статистикалық шынайылығын жақсартуға мүмкіндік береді, – дейді мекеме психологы Ақгүл Аманова.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында жаз мезгілінің көтеріңкі...

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...