Психолгиялық тренинг өтті

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5мекемесінің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ойын терапиясы» психологиялық тренинг жаттығуы өткізілді.

Шараға мекемеде жазасын өтеуші азаматтар мен «Жігер» Қызылорда облысы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің психологы Жаңагүл Тлеуова қатыстырылды.
Тренингтің мақсаты жазасын өтеуші азаматтардың көңіл күйлерін жоғарылата отырып, зейіндерін жағымды жаққа өзгерту болып табылады.

Ойын терапиясы — арт-терапияның бір түрі. Бұл терапияны жүргізу үлкендердің әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңуіне көмектеседі. Емдеу әсерлі болуы үшін ойынға бар ықыласыңмен белсенді түрде қатысудың пайдасы зор,- дейді психолог маман Ж.Тлеуова.

Шара барысында «Есте сақта», «Кім жылдам?» ойындарына жазасын өтеп жатқан азаматтар белсенділік танытып, өздерін жақсы қырларынан көрсете білді. Тренинг соңында сотталған азаматтар сұрақ-жауап арқылы кері байланыс орнатып,алған әсерлерімен бөлісті.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...