Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне және шешімдеріне жасалған шағымдар туралы

Прокурордың, тергеу және анықтау органдарының қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында жүзеге асырылатын іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ қабылдаған шешімдеріне келтірілген шағымдарды соттардың қарауы Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының екінші тармағында, 76-бабы­ның бірінші тармағында және Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі — ҚІЖК) 12-бабында бекітілген әркімнің сот арқылы қорғалу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі болып табылады, сондықтан сот­тар сот төрелігіне қол жеткізуді, сотқа шағыммен жүгіну негіздерін көздейтін және олар­ды қарау тәртібін реттейтін заң нормаларын дұрыс қолдануды қамтамасыз етуге тиіс.

Прокурордың, тергеу және анықтау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) және шешімдері жеке құқықтары мен бостандықтарына тікелей әсер еткен жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар), сондай-ақ ұйымдар, егер көрсетілген актілермен олардың заңды мүдделеріне әсер етсе, сотқа шағыммен жүгінуге құқылы. Тұлғалардың ҚІЖК-нің 109-бабында көзделген тәртіппен сотқа шағыммен жүгіну құқығын тексеру кезінде «Қылмыстық сот ісін жүргізуде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын соттың қорғауы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының 4-тармағын соттардың басшылыққа алғаны жөн.

  1. Тұлға өз қалауымен тікелей сотқа шағыммен жүгінуге, не тиісті прокурорға шағыммен жүгінгеннен кейін оның шешімімен келіспеген немесе одан заңда белгіленген мерзімде шағымына жауап ала алмаған жағдайда жүгінуге құқылы. Прокурордың, тергеу және анықтау органдарының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды қараған судья ҚІЖК-нің 90-бабының бірінші бөлігінің екінші тармағына сәйкес, бірінші, апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларындағы соттарда қылмыстық істі қарауға қатыса алмайды. Арыз берушінің шағымы қанағаттандырылған және шағымдалып отырған іс жүргізу әрекетінің (әрекетсіздіктің), шешімнің күшін жою туралы қаулы етілген не заңды тұлғаның немесе ұйымның бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру тиісті лауазымды адамға, прокурорға жүктелген қаулы заңды күшіне енгеннен кейін бірінші сатыдағы сот судьясының (сот төрағасының) өкімі бойынша дереу орындау үшін тиісті органға, лауазымды адамға, прокурорға жіберіледі, олар сотты қаулының орындалуы туралы хабардар етуге тиіс. Сот қаулысының орындалмауына кінәлі адамдар заңмен көзделген жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

А. Е. Қиянбекова, Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...