Прокурор пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар үшін жеке қабылдау өткізді

Мамлют ауданының прокуроры кіші әділет кеңесшісі С.Е.Тюлюгенов пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар үшін тұрақты негізде жеке қабылдау кездесулерін өткізеді.

Мұндай кездесулер құқық бұзушылықтардың және қайталама қылмыстарды алдын алу мақсатында, сондай-ақ пробация қызметінің профилактикалық есебінде тұрған сотталғандарды тіркеу кезеңінде қоғамнан оқшаулаусыз жазаны өтеудің шарттары мен тәртібін қосымша түсіндіру үшін өткізіледі.

Әңгіме барысында аудан прокуроры Жәбірленушілерге өтемақы қорына қарыздарды уақтылы төлеудің маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді, сондай-ақ ұсынымдық сипаттағы әңгіме өткізді. Қайталап құқық бұзушылықтар жасауға бейім сотталғандарға ерекше назар аударылып, оларға жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік және құқыққа қарсы мінез-құлықтың салдары қосымша түсіндірілді.

Іс-шара барысында аудан прокурорымен шағымдар, наразылықтар, сондай-ақ жұмысқа орналасуға байланысты мәселелер қарастырылды.

В области Абай среди осужденных, состоящих на учете службы пробации, прошел шахматный турнир

В Кокпектинском районе области Абай службой пробации Департамента уголовно-исполнительной...

Туған күнінде ерлік танытты

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері,...