Прокурор Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованы жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AtyrauPress.kz сайтына сілтеме жасап.

31 қазанда Атырау қаласының №2 сотында Хаменованың ісі бойынша тараптар жарыссөзі басталды.

«Мүлігі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан және жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны өтеу орташа қауіпсіздік мекемесінде белгіленсін. Хаменова «Құрмет» орденінен айырылсын. Сотталушының кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны үш жылға дейін кейінге шегеруді сұраймын», — деді прокурор Лаура Асанова.

Сондай-ақ, прокурор облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевке де орташа қауіпсіздік мекемесінде жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Пара берді деген күдікке ілінген Адамовты прокурор төрт жылға бас бостандығынан айыруды, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуді ұсынады.

Еске салайық, Бақытгүл Хаменова алдын ала келісім бойынша пара алды деп айыпталып отыр.

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...

Кассациялық сатыдағы соттың маңыздылығы

Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық...

Соттағы қылмыстық істерді қараудың басты бағыттары: әділдік пен заңдылық кепілі

Қылмыстық істерді сотта қарау – адам тағдыры шешілетін, қылмыстық...

Регионы-аутсайдеры по исполнению плана-графика МЭКС назвали в проектном офисе

На заседании проектного офиса нацпроекта по модернизации энергетического и...