Прокуратурамен өзара қарым-қатынас

Сотталғандар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және қайталап жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында, сондай-ақ ҚР 2016 жылғы 30.12-гі «Пробация туралы» Заңына сәйкес, Шал ақын ауданының ПҚ қызметкерлері, Шал ақын ауданының прокуроры, әділет кеңесшісі Талгат Салпықовпен бірлесе отырып, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен жұмыс кездесуін өткізді.

Іс-шараны өткізу кезінде сотталғандарға емдеу, оқыту және жәрдемақы алу түріндегі әлеуметтік-құқықтық көмек алу шарттары егжей-тегжейлі жеткізілді, сондай-ақ қайталама қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу туралы профилактикалық сипаттағы әңгімелер жүргізілді.

Шал ақын ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығын шектеуге сотталғандарға ерекше назар аударылды,оларға олардың құқықтары, міндеттері, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілігі, сондай-ақ құқыққа қарсы мінез-құлықтың салдары қосымша түсіндірілді.

Жүргізілген іс-шаралар барысында прокуратура қызметкерлері пробация қызметінің қызметкерлеріне, басқа да мемлекеттік органдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша шағымдардың, наразылықтардың бар-жоғын анықтады. Арыз-шағымдар келіп түскен жоқ. Кездесу қорытындысы бойынша прокурор сотталғандардың барлық сұрақтарына толық жауап берді.

СҚО бойынша ҚАЖД Шал ақын ауданының ПҚБ бастығы

әділет майоры Роман Степанов

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...