Прокуратурамен өзара қарым-қатынас

Шал ақын ауданының пробация қызметі қызметкерлерінің Шал ақын ауданының прокуроры, әділет кеңесшісі Т.Е. Салпықовпен бірлесіп кезекті жұмыс кездесуі өтті, кездесуге «жаңа қайталама қылмыстар жасауға бейім» санатына жататын пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар шақырылды. Бұл кездесудің мақсаты, бірінші кезекте сотталғандар тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстарға жол бермеудің алдын алу, сондай-ақ 2016 ж. 30.12-гі ҚР «Пробация туралы» Заңына сәйкес сотқа дейінгі, үкімдік және постпенитенциарлық пробация шарттарын түсіндіру болып табылады.

Шал ақын ауданының ПҚ есебінде тұрған бас бостандығын шектеуге сотталғандарға ерекше назар аударылды, оларға қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі, сондай-ақ құқыққа қарсы мінез-құлықтың салдары қосымша түсіндірілді. Әңгімелесу барысында тұрғылықты жері бойынша тұру жағдайы, сотталғандардың жұмыспен қамтылуы, мемлекет алдындағы талап қою қарыздарын өтеу нақтыланды. Осы кездесудің қорытындысы бойынша Шал ақын ауданының прокуроры Т.Е. Салпықов сотталғандардың барлық сұрақтарына толық жауап берді.

СҚО бойынша ҚАЖД Шал ақын ауданының ПҚБ бастығы
әділет майоры Р. Н. Степанов

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...