Жоспарға сәйкес 07.02.2022-13.02.2022 жыл аралығында жедел-профлактикалық іс-шара өткізуіне байланысты, Алматы қаласы Алатау аудандық пробация қызметінің қызметкерлері полиция учаскелік инспекторларымен бірлесе отырып түнгі уақытта сотталғандардың мекен-жайы бойынша тексеріліп, жұмыс туыстарымен сұхбат жүргізілді. Барлық мәлімет сотталғандарының қылмыс жасау және құқық бұзушылық фактілерін анықтау үшін тексеру жұмыстары жүргізілді.
Айта кететін жәйт, көптеген жағдайларда қылмыстар түнде жасалады және осыған байланысты түнгі тексерулерге үлкен көңіл бөлінеді. Өткізілетін іс-шаралар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған. Бұл іс шаралар оң нәтижелерге әкелетініне сенімдіміз.
Р.Сәрсенәлі,
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Алатау аудандық ПҚ бөлімінің
инспекторы әділет лейтенанты