«Профилактикалық бақылау» жедел алдын алу іс-шарасы

Аумақтық пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айырусыз жазаға сотталған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың профилактикасы мақсатында 2022 жылғы 07-13 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының аумағында «профилактикалық бақылау» Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

«Профилактикалық бақылау» жедел алдын алу іс-шарасы кезеңінде Уәлиханов ауданының ПБ ЖПҚ бірлесіп іс-шараның бірлескен жоспары құрылды және бекітілді. Осыған байланысты СҚО бойынша ҚАЖД Уәлиханов ауданының пробация қызметі тобының және ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерінен мобильді топтар ұйымдастырылды. Уәлиханов ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар тұрғылықты жері бойынша және жұмыс орны бойынша тексеріледі, олармен әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша профилактикалық сипаттағы әңгімелесулер жүргізіледі және жазаны өтеу тәртібі түсіндіріледі.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...