Профилактика, есепке алу, өзара іс-қимыл  жасау

Құқық бұзушылықтарды алдын алу- бұл құқық бұзушылықтарды алдын алу объектілері жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмауға бағытталған шаралар кешені.

1 қазаннан 1 қарашаға дейін республика аумағында құқық бұзушылықтарды алдын алу, құқықтық тәртіпті сақтау және нығайту мақсатында Тимирязев ауданының пробация қызметінің қызметкерлері полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп «Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

«Участок» ЖПШ өткізу кезеңінде Тимирязев ауданының ПҚБ қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, қоғамнан оқшауламай жаза тағайындалған сотталғандарды тексерді. Әрбір сотталған адаммен қайталанған қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша жеке-профилактикалық әңгімелесу жүргізілді. Сондай-ақ сотталғандардың туыстарымен сотталғандар сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзбауы тиіс екендігі туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Профилактикалық әңгіме құқыққа қайшы әрекеттерге бейім адамдармен жеке профилактика шараларын қолдану мақсатында жүргізіледі.

СҚО бойынша ҚАЖД

Тимирязев ауданының

ПҚБ аға инспекторы

әділет аға лейтенанты  

Бектұрғанов Т.С.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...