12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Процестік келісімге келудің тәртібі қандай?

Қылмыстық-процестік кодексіне мен іс жүргізуге, сотталушы немесе сотталған тұлға арасында жасалатын келісім. Кодекстің 612-бабының 1-бөлігіне сәйкес, процестік келісім шеңберінде қылмыстық істерді тергеп-тексеру дәрежесі онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыстар бойынша – күдікті, айыпталушы келтірілген күдікпен, айыптаумен келіссе, кінәні мойындау мәмілесі түрінде жүзеге асырылады. 

Заңнамаға орай процестік келісімнің екі түрі қарастырылған: кінәні мойындау туралы мәміле және ынтымақтастық туралы келісім. Бұл жіктеу процестік мәмілелердің түрлері бойынша логикалық және негізді болып табылады. Егер күдікті мен прокурор арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалса, жәбірленушінің келісімі қажет емес. Мұндағы қылмыстық қудалау органдарының негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін қылмыстарды анықтау, оларды жасаған адамдарды табу және қылмыстық жауапкершілікке тарту. Кінәні мойындау туралы сотқа дейінгі келісім күдіктінің шын өкінуімен ерекшеленеді. 

Сотқа дейінгі келісім кезінде сотталушыға сот ісін жүргізу мерзімін қысқарту ұсынылады. ҚР ҚПК-да белгілі бір жалпы шарттарды сақтаған жағдайда кінәні мойындау туралы мәмілеге рұқсат етіледі. Мұндай мәміле аса ауыр қылмыстардан басқа, барлық қылмыс санаттарына қатысты болуы мүмкін. Кінәні мойындау сотта қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырылады. Егер бірінші сатыдағы сотта сотталушы кінәні мойындау туралы мәміле жасауға өтініш білдірсе, прокурор мен сотталушы арасында келісім жасалса, сот талқылауы қысқартылған тәртіпте (келісу іс жүргізуінде) өтеді. 

ҚР ҚПК-нің 382, 624-баптарында сот процесі тек сотталушыдан жауап алу, мәміленің мән-жайларын нақтылау, азаматтық талап қою бойынша төлемдердің мерзімі мен тәртібін, сондай-ақ іс жүргізу шығындарын анықтаумен шектеледі. Жәбірленуші, азаматтық талапкер және азаматтық жауапкер сот отырысына шақырылмайды, бірақ қажет болған жағдайда онлайн режимінде қатыса алады. ҚПК-нің 622-бабына сәйкес, егер сотқа дейінгі іс жүргізу кезеңінде немесе сот талқылауы барысында кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалса, сот істі келісімдік іс жүргізу тәртібінде қарауға міндетті.

         Сонымен қатар, осы кодекстің 624-бабына сәйкес, келісімдік іс жүргізу кезінде сот отырысына прокурор, сотталушы және оның қорғаушысы қатысады, ал жәбірленуші, азаматтық талапкер және олардың өкілдері сот отырысына шақырылмайды. ҚПК-нің 625-бабына сәйкес, сот істі қысқаша қарап, прокурордың қорытындысын және сотталушы мен қорғаушының процестік келісімнің мән-жайы туралы айтқан сөздерін тыңдап, істі қарауды аяқтайды. Осылайша, қылмыстық іс келісімдік іс жүргізу тәртібімен қаралғандықтан және қолданыстағы процестік заңнамада іс бойынша нақты дәлелдемелер жиынтығы немесе қайта тергеуге жолдау мүмкіндігі қарастырылмағандықтан, ҚПК-нің 626-бабына сәйкес, сот іс бойынша саралануы, азаматтық талап мөлшері жөнінде күмән болмаған жағдайда, процестік келісімге сәйкес сотталушыға жаза тағайындап, азаматтық талап қою және басқа да өндіріп алу жөнінде шешімі бар айыптау үкімін шығарады.

Заңға сәйкес, егер сотталушы процестік келісімде көрсетілген жазаның түрі немесе мөлшерімен келіспесе, жаңа процестік келісім жасау үшін қылмыстық істі прокурорға қайтару мүмкіндігі бар. Алайда, ҚПК-нің 616-бабы 1-бөлігінің 8-тармағына сәйкес, прокурор сот алдында өтінішхат беріп, жазаның түрі мен мөлшерін көрсетуі міндетті. Прокурор ҚК-нің осы қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін бабына, бөлігіне және тармағына сәйкес жазаны анықтауы қажет. 

Келісімдік іс жүргізу тәртібінде қылмыстық істі қарау мерзімі он тәулік, ал ерекше жағдайларда жиырма тәулік. Егер басты сот талқылауы барысында кінәні мойындау туралы процестік келісім жасау туралы өтінішхат түссе, келісім жасау үшін ақылға қонымды мерзім беріледі. Бұл жағдайда қылмыстық іс прокурорға жіберілмейді, сотта қалады. Сот жаңа келісім жасауға мүмкіндік беріп, істі прокурорға қайтаруға да құқылы. Процестік келісім жәбірленуші мен азаматтық талапкердің осы қылмыстық іс бойынша немесе азаматтық іс жүргізу тәртібінде азаматтық талап қою құқығын шектемейді. Тараптардың процестік келісім жасаудан бас тартуы оны қайта жасау туралы өтініш білдіруге кедергі болмайды.

Е.Алипкалиев,

Батыс Қазақстан облысыЖәнібек аудандық сотының төрағасы

eGov Business – кәсіпкерлердің цифрлық көмекшісі

Енді жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес өкілдері өз...

Делдалдарға алданып қалмаңыз!

Көлік құралдарын міндетті сақтандыру полистерін (АҚЖС) делдалдар арқылы сатып...

Жаңа технология несімен ұтымды?

Жаңа технология сот саласын жаңа биікке көтерді. Сатылап жеткен...

АЖЫРАСУ:САЛЫҚТЫ КӨБЕЙТУ АРЫЗДЫ АЗАЙТУҒА КӨМЕКТЕСЕ МЕ?

Қазақстанда ажырасу азаймай тұр. Осыны ескерген депутаттар жаңа дайындалған...

ҰЛЫ ДАЛА ҮНІ

1 шілде күні Талдықорған қаласының орталық алаңында Ұлттық домбыра...