12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ПРОЦЕСТІК КЕЛІСІМ ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

Соттағы реформалардың артықшылығы мен тиімділігі жыл өткен сайын айқындалады. Көпшіліктің көңілінен шыққан жаңашылдықтың қатарында процессуалдық келісім үдерісі де бар. Жалпы сотқа дейінгі жеделдетілген процедуралар институтын енгізу, тергеу, жазбаша іс жүргізу секілді тың өзгерістерді батыл тәжірибеге енгізу құқық қорғау органдары мен соттардың жұмысын едәуір жеңілдеткені рас. Әсіресе, процестік келісім күрделі қылмыстарды ашуда, қателігін түсініп, түзу жолға түссем деп мақсат еткен азаматтарға игі әсерін тигізеді.

Процестік келісім институты әлемдік тәжірибеде бұрыннан бар. Адам құқығын басты орынға қоятын өркениетті елдерде бұл тетік жиі қолданылады. Соның ішінде АҚШ, Ресей Федерациясы, Украина, Грузия, Литва, Латвия, Эстония сияқты мемлекеттерде процестік келісім табысты жүзеге асуда. Осы қатарға Қазақстанның да қосылуы еліміздің құқық қорғау құрылымдары мен сот жұмысының халықаралық талаптарға сай дамуына серпін берді. Процестік келісім жасаудың заңдық негіздері Қылмыстық-процестік кодексінде қарастырылған. Осы кодекстің 13-бөлімінде бұл институтты қолданудың барлық тетігі дәйектелген. Аталмыш құжатта айқындалғандай, процестік келісім қылмыстық істерді тергеу барысында айыптының кінәсін мойындау мәмілесі нысанында және ынтымақтастық туралы келісім нысанында жүргізіледі. Бүгінгі қолда бар статистикалық көрсеткіштере сай, соңғы жылдары елімізде кінәні мойындау туралы процестік келісімдер жиі қолданылған екен. Яғни, бұл реформаның дұрыс жүргізілгенін, осы жаңашылдық арқылы өз қатесін түсініп, қылмыстық ортадан бойын аулақ салған азаматтың қалыпты өмірге оралуына мүмкіндіктің туғанын байқауға болады. Сотқа жіберілген қылмыстық істерде өз қатесін мо­йындап, процестік келісімге келгендердің үлесі шамамен 10 пайызды құраса, ынтымақтастық туралы келісімге келгендерге қатысты істер 0,02 пайызды межелеген. Бұл көрсеткіштер процестік келісімдердің артықшылығын, пайдасын түсіндіру бойынша құқықтық сауаттандыру жұмысын әлі де тереңдетіп жүргізу керектігін алға шығарады. Процессуалдық келісім институтын тәжірибеде қолдануда мына шарттарды назарда ұстау керек. Айталық кінәні мойындау туралы мәміле жасалғанда күдіктінің (айыпталушының) іс жүргізу келісімін өз еркімен жасасуға ниеті болуы керек. Сонымен бірге, күдікті (айыпталушы) өзіне тағылған айыпты және қылмыстық іс бойынша қолда бар дәлелдемелерді дауламауы тиіс. Бұған қоса, жәбірленушінің іс жүргізу келісімін жасауға келісімі керек. Ал ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімін жасасу кезінде жәбірленушінің келісімі талап етілмейді. Жалпы, Қылмыстық-процестік кодекс іс жүргізу келісіміне жол ашады. Процестік келісім арқылы дауды немесе іс жүргізуді соттан тыс реттеуге болады. Бұл тараптарға уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. Мұндай келісім тараптардың өзара келісімімен жасалады. Сондықтан оның мәжбүрлеуге емес, келісімдерге негізделетіні түсінікті. Процестік келісім жасауда белгілі бір шектеулердің бар екенін де ұмытпауымыз керек.

Айталық, егер процестік келісім заңға қайшы немесе адам құқықтарын бұзатын болса, онда ол жарамсыз болып табылады. Сонымен қатар, егер келісімнің шарттары тараптардың теңдігін бұзса немесе бір тараптың мүддесіне нұқсан келтірсе, сот бұл келісімді қабылдамауы мүмкін.

Процестік келісімде тараптардың ерікті қалауы маңызды. Десек те ол соттың заңдылығын сақтауға және тараптардың құқықтарын қорғауға негізделуі тиіс. Егер процестік келісім Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келсе немесе мемлекеттік тәртіпті бұзатын болса, онда бұл келісім сотта жарамсыз деп танылатынын да естен шығармайық.

А.ТІЛЕПОВА, Жетісу аудандық №2 сотының судьясы

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

Сот актілерінің орындалуы – құқықты мемлекеттің белгісі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің алатын орны ерекше....

Жаңа ғасырдағы соттағы жаңаша өзгерістер

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде көптеген...

«Адал азамат» мемлекетік қызметшілердің кәсіби тұлғалық болмысы дәрісі өткізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша...

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде...

Полиция есірткіге қарсы: студенттік жатақханалардағы профилактикалық іс-шара

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен...