Пробация қызметкері мекемедегі сотталған азаматтармен кездесті

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 мекемесінде жаза мерзімінің аяқталуына 1 жыл қалған сотталғандарға әлеуметтік –құқықтық көмек көрсету бағытында кездесу өтті. Кездесуге қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Н.Көшекбаев және мекемеден босатылатын сотталғандарды еңбекке, тұрмысқа орналастыру жөніндегі аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Д.Бектұрсын қатысты. Кездесу барысында Қызылорда қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Н.Көшекбаев сотталған азаматтарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Пробация туралы» ҚР Заңының талаптарын айтып, түсіндірме жұмысын жүргізді.

Пробациялық бақылаудың мақсаты, оларға берілетін әлеуметтік- құқықтық көмек түрлері, түзеу мекемесінен шыққан соң Пробация қызметіне тіркелуі, сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін және мәжбүрлі еңбекті орындау немесе орындамағаны және пробациялық бақылау шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін түсіндірді. Содан соң, сотталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасының іске асырылуы түсіндіріліп, босатылғаннан кейін медициналық,құқықтық көмекпен қайта білім алуда, кәсіпті игеруде және жұмысқа орналасуда туындаған жағдайлар бойынша көмекке жүгіне алатындығын айтып өтті.
Кездесу соңында сотталғандар тарапынан сұрақтар да қойылды. Сұрақтардың басым көпшілігі медициналық көмек, мекенжай бойынша және облыс аумағынан шығу төңірегінде сұрақтар болды. Сотталған азаматтар қойылған сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...