12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Пробация қызметі жайында не білеміз?

Еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесіне пробация қызметі енгізілгеніне көп бола қойған жоқ.Пробация қызметі Қазақстанда заңды түрде бекігеніне 1 жыл болды. Дегенмен, әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын бұл қызмет шетелдерде бірнеше бағыттан тұратын үлкен жүйеге айналған.
Пробация қызметінің мақсаты – шартты түрде бас бостандығынан айырылған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету. Еліміздегі қылмыстық саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі істі болған азаматтарды бас бостандығынан айырмай жазаға тарту болса, пробация қызметі осы бағытқа дәл келеді. Жалпы пробация сөзі, қазақшаға аударғанда «сынау, байқау» дегенді білдіреді. Яғни сынаудың негізі – адамның қылмыс жасағанына қарамастан, оның түрмеге отырмауына мүмкіндік беру. Ол үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттардың бәрін орындауы керек. Осылайша байқаусызда сүрінгендер болса, оларды түрмеге қамамай, қоғамға бейімделуіне мүмкіндік беру. Оның негізгі бағыттары шартты сынақ мерзімге сотталған, бас бостандығын шектеу жазасына сотталған, түзеу мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, әкімшілік қадағалау белгіленген сотталғандарға білім алып, кәсіп меңгеріп, жұмысқа орналасуына ықпал жасап, ауы­рып қалса дәрігерлік көмек көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.
      Кәдірбекова Ақерке Маратқызы
Созақ аудандық пробация қызметі бөлімшесі
аға инспекторы
әділет аға лейтенанты

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...