12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Пробация есебінде тұрғандар еріктілермен спорттық жарысқа түсті

 

 Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Алатау аудандық пробация қызметі «Қазақстан волонтерлар лигасы» қоғамдық қорының Алматы қаласындағы филиалымен бірлесіп, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылғандар және аудандағы жастар арасында шағын футболдан жарыс өткізді, Аудандағы орта мектептің спорт ауласында ұйымдастырылған жарысқа төрт орта мектептің жас мамандары мен Алатау аудандық пробациясы қызметі есебінде тұрғандар және пробация қызметкерлерінен құралған барлығы 6 команда қатысты. Шараны ашқан «Қазақстан волонтерлар лигасы» қоғамдық қорының Алматы қаласындағы филиалының төрайымы Анарбаева Бағдат Бекболатқызы: – Өздеріңіз білесіздер, ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы, яғни 2020 жылды- «Еріктілер жылы» деп жариялады. Осыған орай, Алматы қаласы көлемінде жыл бойына еріктілердің қатысуымен түрлі шаралар өтетін болады. Жалпы, «Спорт- денсаулық кепілі» деп айтамыз. Ендеше, жастарымыз осындай денсаулыққа пайдалы спорттық жарыстарды ұйымдастыру арқылы оған белсенді қатысып тұрса- нұр үстіне нұр болар еді,- деді. Осыдан кейін сөз алған орта мектептің директорлары: «Еріктілер- қоғамның белсенді мүшесі болғандықтан, биылғы еріктілер жылынан көп жақсы өзгерістер күтетіндерін айтты. Өйткені, айтуларынша, қылмыстың алдын алудың бірден бір жолы- жастардың бос уақытын тиімді өткізу». – Бүгінгі спорттық сайыстың мақсаты- аудан жастары мен пробация қызметі есебінде тұрған азаматтардың бос уақытын пайдалы мақсатқа жұмсау. Пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды қоғамнан оқшауламай, ортаға бейімдеу. Жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Жалпы, шара өз деңгейінде өтіп, ойыншыларға жақсы көңіл-күй сыйлады,-дейді Алатау аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Сейітқазыұлы Шәкәрім. Жарыстың қорытындысымен I, II және III ші орындарды орта мектептің мұғалімдерінен құралған командалар жеңіп алып, команда ойыншылары ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, пробация қызметі есебінде бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған азаматтар «ынталандыру», ал Пробация қызметінің командасы жарысқа белсенді қатысқаны үшін марапатталып, барлық команда ойыншыларына сыйлықтар берілді.

Алатау аудандық пробация

қызметінің инспекторы

әділет аға лейтенанты

Сейітқазыұлы Шәкәрім

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...