Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің бастамасымен Ұйғыр аудандық пробация қызметі жұмыс кездесуін ұйымдастырды.
Жұмыс кездесуі сот ғимаратында, Ұйғыр аудандық сотының судьясы, аудандық прокурор және пробация қызметінің бастығының қатысуымен өтті.
Жиын барысында, пробация қызметкерлерінің сотталғандарға қатысты жіберетін іс-құжаттары жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, Заңнамада көзделген жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу мәселелері талқыланды.