Пробация қызметінің негізгі міндеттерінің бірі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу

2024 жылғы 28 маусымда Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Нұрғали Еркінбекұлы Әжіханов Астана қаласы бойынша «Еңбек ұтқырлығы орталығының» өкілдерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық іздестіру департаментінің «Еңбек» РМК өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты- сотталғандардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, тәуекел тобында тұрған сотталғандардың қайталап қылмыс жасауына жол бермеу.
Мемлекеттік органдардың өкілдері жұмысқа орналасу барысында туындайтын проблемалық мәселелерді талқылады.

Аталған іс-шарада Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ПҚ басшылығы мен аудандық пробация қызметінің басшылары қатысты.

«Үміт – 2026»: шығармашылық арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...