Пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарға гуманитарлық көмек

Гуманитарлық көмек — халықты өмірлік қажетті тұтыну заттарымен қамтамасыз ету жолымен қалыптасқан қиын өмірлік жағдайларда халықтың ауыртпалығын жеңілдету мақсатында жүзеге асырылатын іс-шара түрі. Гуманитарлық көмек аясында Астана қаласы Нұра ауданының пробация қызметінің қызметкерлері Нұра ауданы әкімдігінің қолдауымен өмірдің қиын кезеңінен өтуге көмек көрсету мақсатында, сот қоғамнан оқшауламай жазаға сотталғандардың отбасыларына көмек көрсетті.
Аталған іс-шара «Республика күні» мерекесі қарсаңында өткізілді. Сотталғандар және олардың отбасылары көрсеткен қолдаулары үшін алғыстарын білдірді. Бұл іс-шара әдетте өзінің оң нәтижелерін береді.

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...