Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында футболдан турнир ұйымдастырылды. Спорттық іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын ұстануға баулу, командалық рухты дамыту және оң әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру.
Турнир барысында қатысушылар жеңіске деген ұмтылысын, спорттық жігерін, өзара қолдауы мен қарсыластарына деген құрметін көрсетті. Ойындар әділ бәсеке жағдайында өтіп, сотталғандарға өздерінің физикалық мүмкіндіктерін, тәртіптілігін және командамен бірлесе әрекет ету қабілетін көрсетуге мүмкіндік берді.
— Бұл турнир мен үшін өзімді көрсетуге, жолдастарымның қолдауын сезінуге және команданың бір мүшесі болуға берілген мүмкіндік. Футбол бізді бірлесе әрекет етуге, бір-бірімізді құрметтеуге және қиындықтарға мойымауға үйретеді. Мұндай іс-шаралар бос уақытымызды тиімді өткізуге және болашағымыз туралы ойлануға көмектеседі, – деді сотталғандардың бірі.
— Спорт – тәрбие жұмысының тиімді құралдарының бірі. Командалық ойындарға қатысу сотталғандардың тәртіптілігін, жауапкершілігін, өзара құрметін және айналасындағылармен тіл табыса білу қабілетін дамытуға ықпал етеді. Біздің міндетіміз – сотталғандардың мінез-құлқындағы оң өзгерістерге жағдай жасау және олардың заңға бағынатын өмір салтын ұстануға деген ынтасын қалыптастыру. Спорттық іс-шараларды өткізу қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі тәрбие жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Мұндай бастамалар тәртіпті нығайтуға, оң өмірлік ұстанымдарды қалыптастыруға және сотталғандардың қоғамға қайта бейімделуіне жағдай жасауға ықпал етеді, – деп атап өтті сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ермек Рахимов.


