Пробация есебіндегі азаматтарға құқықтық түсіндірме жұмысы жүргізілді

Пробация есесбіне алынған азаматтарды қайта әлеуметтендіру, қылмыстың алдын алу мақсатында пробация есебіндегі тұлғалармен жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. №6 аймақ учаскелік полиция пунктінде қалалық пробация есебіндегі осы аймақтағы тіркеудегі 20-ға жуық сотталғанмен кездесу өтті.

Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Н.Рахменшиев пен пробация қызметінің инспекторы әділет лейтенанты Е.Шанжаров және әділет кіші лейтенанты Н.Қыдырбекқызы есептегі тұлғаларға жаза өтеу тәртібі мен талаптары, міндеттерімен жауапкершілігі және құқықтарын түсіндіре отырып, қайта қылмыс пен құқық бұзушылыққа және жаза өтеу тәртіп бұзушылыққа бармау керектігі де ескертілді.

Әділет аға лейтенанты Назира Қыдырбекқызының айтуынша өз аймағындағы тұлғаларды күнделікті мекенжайларынан тексеріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Әрбір есептегі азаматтармен зерделеу жұмыстарын жүргіземіз. Әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек түрлерін көрсетеміз. Тұрақты жұмыспен қамтылуы үшін жергілікті органдармен бірлесе жұмысқа орналастырамыз. Егер жеке кәсіп ашамын деген мақсаты болса, кәсіпкерлікті оқытуға, мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып үшін қажетті құжаттарды жинақтауға көмек береміз. Қазіргі таңда есептегі азаматтар арасында өз кәсібін дөңгелетіп отырғандар да бар. Біздің басты мақсатымыз қайта қылмыстың алдын алу, есептегі тұлғаларды қайта әлеуметтендіру,-дейді Назира Қыдырбекқызы.

Кездессу соңында есептегі тұлғалар өзідерінің көкейінде жүрген мәселелері бойынша сұрақтар қойып, жауаптарын алды.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...