Арал аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік қолдау арқылы кәсіпкерлікті дамытуға арналған кеңес өткізілді. Іс-шараға кәсіп ашуға ниетті пробация есебіндегі 8 азамат қатысты. Олар арнайы мамандардан кәсіп ашу, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы бағдарламалары туралы ақпарат алып, несие қаражатын алудың жолдарымен танысты. Одан соң Арал тауар өндірушілерінің көрмесін тамашалады.
Көрмеге 21 кәсіпкер өздерінің түрлі азық-түлік өнімдерін, қолөнер бұйымдары, тұрмыстық заттар өндірісінің және құрылыс заттарының, профлист өндірісінің өнімдері мен тігін шеберханасының өнімдерін жұртшылыққа ұсынды.
Бүгінгі шарадан кәсіпкерлердің өнімін көріп, кәсіп ашу туралы ақпарат алдым. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көп. Өзімнің жеке кәсібімді ашсам деген ниетім бар. Пробация қызметі тарапынан да әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетіледі. Осындай шараларға жиі қатысу арқылы қажетті ақпараттар аламыз. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз»,- деді есептегі азамат.


