Пробация есебіндегі азаматтар арасында спорттық шара өтті

Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі және аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа- жол жоқ» іс-шарасы аясында пробация есебіндегі тұлғалар арасында дойбыдан жарыс өтті.
Пробация есебіндегі азаматтардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған шараға 20-дан астам сотталған қатысты.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Нуридинов Бектас Балғабайұлы, аудандық прокуратураның өкілі және пробация қызметі, аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің мамандары қатысып, жарысқа қатысушы азаматтарға сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектестік білдірді.
Тартысты өткен додада азаматтар өзара ынтымақтастық пен достық қарым-қатынас орнатып,бір-біріне қолдау көрсетті. Әрбір қатысушы ойын барысында өздерінің шеберліктерін көрсетіп, жеңіске жету үшін бар-күш жігерін салды. Турнир жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.
Бүгінгі жарыста жеңімпаз атандым. Бала күнімнен спорттық жарыстарға қатысушы едім, соның пайдасы тиді. Дойбы логиканы қажет ететін ойын, сондықтан асықпай ақыл-ой қабілетімді қосып, қарсыластарымды басып оздым. Алдағы уақытта осындай шаралар жиі ұйымдастырылса қатысатын боламын. Бізге керемет көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушыларға алғысым шексіз,- деді есептегі азамат.

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне хат жазды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай осужденные написали письма ветеранам Великой Отечественной войны

В учреждении максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...