«Пробация» атты профилактикалық іс-шара басталды

2024 жылғы тамыз айының 15 — 22 аралығында Ішкі істер министрлігінің тапсырмасы бойынша Республикалық «Пробация» атты профилактикалық іс-шара басталды. Қармақшы аудан прокурорының №1 р/б өкімімен құрылған Қармақшы аудандық пробация қызметі, аудандық прокуратура, жұмыспен қамту жұмысшы тобы бірлесіп Қармақшы аудандық пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша аралау жұмыстары жүргізілді.
Аралау барысында сотталғанның отбасымен жоғарыда аталған орган
кызметкерлері жеке әңгіме сұхбат жүргізіп, олардың әлеуметтік қажеттіліктерін
тындап отбасының тыныс тіршілігімен танысып, отбасында болатын
тұрмыстық қарым қатынастар саласыңдағы құқық бұзушылықтар мен зорлық- зомбылықтың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оған қоса, сотталғанның туған- туыстарына, сотталғанның жаза өтеу тәртібімен талаптары, міндеттері мен жауапкершіліктері түсіндіріліп, оның қайта қылмыспен құқық бұзушылыққа және жаза өтеу тәртіп бұзушылыққа
баруының алдын алу үшін, өз тарапынан оң ықпал жасауы сұралды.

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...