«Пробация» жедел-профилактикалық іс- шарасы өтті

Бөрлі ауданының аумағында қараша айында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп қоғамнан оқшауланбаған жазасын өтеп жүрген сотталғандар тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алып ескерту және қайта қылмыстың жасалуын болдырмау мақсатында «Пробация» жедел-профилактикалық іс- шарасы өткізілді.

Осы шараны өткізу барысында есепте тұратын адамдарды тұрғылықты мекен жайы және жұмыс орындары бойынша тексерісті жүзеге асырды. Сондай-ақ, Бөрлі ауданы ПБ-нің учаскелік полиция инспекторларымен бірге Ақсай қаласында орналасқан көңіл көтеру орындары да тексерілді. Іс- шара нәтижесінде 6 бұзушылық фактісі анықталды, бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы 2 материал аудандық соттың қарауына жолданды.

«Үміт – 2026»: шығармашылық арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...