Пробация қызметінің қызметкерлерін психологиялық даярлау

2022 жылғы 28 ақпаннан 5 наурызға дейін Қостанай академиясы пробация қызметі қызметкерлерінің арасында біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.  Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерінің психологиялық даярлығы оның құқықтық, физикалық, атыс және өзге де түрлері сияқты кәсіби жетілуі үшін де үлкен маңызға ие. Мұндай дайындықтың мақсаты-кез-келген қиын қызмет жағдайында кәсіби, сауатты, нақты, жоғары жұмыс қабілеттілігімен әрекет етуге дайындықты қалыптастыру. 

Оқыту ZOOM платформасы арқылы онлайн өтеді. Біліктілікті арттыру курстарындағы сабақтар бекітілген оқу-тақырыптық жоспар мен кесте бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ практикалық тренингтер уақытында өткізіледі. Курс аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификат берілетін болады.                                   

                                                                                                                                                                          Айнаш Ахметжанова,

Петропавл қаласы ПҚБ инспекторы, әділет лейтенанты

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...