Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды тіркеу не үшін қажет?

Сотталғандардың қоғамнан оқшаулаусыз жазаны өтеу кезіндегі міндетті шарты пробация қызметіне белгіленген күндері тіркеу және тәрбие жұмысын жүргізу үшін келу болып табылады. Кесте сотталған адамның жұмысын ескере отырып, сондай-ақ белгілі бір уақыт аралықтарын сақтай отырып жасалады. Тіркеуге дәлелсіз себептермен келмеу жазаны өтеу тәртібін бұзу болып табылады және жазаны бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы жазбаша ескерту шығару түріндегі жауаптылыққа әкеп соғады. Сотталғандар тарапынан құқыққа қайшы мінез-құлық жағдайларында жазалардың осы және басқа да түрлерін пробация қызметінің қызметкерлері түсіндіреді. Әрбір есепке алынған адам тіркеуге келген кезде өзінің мінез-құлқы туралы жазбаша нысанда есеп жасайды, ол кейіннен жеке істің материалдарына қоса тіркеледі, сондай-ақ тіркеу парағына қол қояды, осылайша өзінің келуін растайды.

Есепте тұрғандармен жеке әңгімелесу кезінде әрқайсысына қолжетімді нысанда сот үкімімен жүктелген міндеттер, шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш беру мерзімдері, сондай-ақ олардың қоғамнан оқшаулаусыз жазасын өтеуі барысында туындайтын басқа да мәселелер түсіндіріледі.

Профилактикалық жұмыс жүргізу шеңберінде әрбір сотталған адамға құқық бұзушылықтар мен қайталап қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ жазасын өтеуден жалтарған жағдайда жауаптылық туралы ескертіледі. Осылайша, сотталғандарды тіркеу оның жеке ісін жүргізетін инспектор үшін де, пробация қызметі үшін де қажетті тікелей қарым-қатынас құралы болып табылады.

СҚО бойынша ҚАЖД
Мамлют аудандының ПҚ
бастығы
әділет подполковнигі А.Сеитова

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...