Пробация инспекторы марапат төрінен көрінді

2021 жылы Қармақшы аудандық пробация қызметі пробация есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталған азаматтарды әлеуметтендіру мақсатында аудандық жастар ресустық орталығымен ынтымақтастық меморандум аясында бірқатар жұмыстар атқарылған. Пробация есебіндегі 29 жасқа дейінгі азаматтарға білім алуына , мамандық игеруіне, кәсіп ашуымен қатар жұмысқа орталастырып, құқықтық, психологиялық көмек түрлерін көрсеткен. Бұл көмек түрлері пробация есебіне алынған сотталғандардың түзелу жолына түсіп, қоғамға, еңбекке тез араласып кетуіне септігі мол.

«Осы орталықтың көмегімен төрт сотталған азамат жұмысқа орналастырылды. Сонымен қоса тұрмыс жағдайы төмен 5 отбасыға азық- түліктей көмек беріліп, 20 сотталғанға медициналық қобдиша таратылды. Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылды. 2022 жылға да Жастар ресустық орталығымен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Алдағы уақытта сотталған азаматтармен жиі іс-шаралар өткізелетін болады»,-деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Жақсыбек Жүнісов.

2021 жылдың қортындысымен аудандық жастар ресустық орталығымен бірлесе атқарған жұмыстардың нәтижесінде, Қармақшы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Жүнісов Жақсыбек Әділханұлы ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...