Пробация есебіндегі сотталғандарға әлеуметтік және заңгерлік кеңес берілді

Бүгін кент мәдениет үйінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жобасы аясында «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әлеуметтендіру және олардың құқықтарын қорғау «іске асыру» және «жеке кәсіпкерлікті қалай ашу керек» тақырыбында іс-шара өтті.

Оған адвокаттар Т.Мырзамбетов пен А.Садықов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы А.Сәдуақасов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы А.Төлегенова және психолог-педагог Н.Сайфутдинова қатысты.
Есепте тұрған азаматтарға облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат Тоқтар Қомбайұлы Мырзамбетов пен адвокат Асылбек Исламұлы Садықов туындаған сұрақтарға кеңес берді.

Сондай –ақ шара барысында сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күресу, құқық бұзушылықтың алдын алу, еліміздегі өзгеріп жатқан әкімшілік, қылмыстық істер төңірегінде кең көлемде таныстырып, мәлімет берді. Шара соңында есептегі азаматтармен тренинг өткізіліп, сауалнама жүргізілді.

Сырдария аудандық пробация қызметі

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...