Пробация есебіндегі екі азамат бас бостандығынан айырылды

Арал аудандық пробация қызметі есебінде тұрған екі сотталған бас бостандығынан айырылды. Олар сот үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (Ұрлық бабымен) кінәлі деп танылып, бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, пробациялық бақылауға алынған.
«Олар сот белгіленген міндеттерді орындамай, жаза өтеу мерзімінде өздерін теріс жағынан көрсетіп келді. Сонымен қатар, ол белгіленген күндері пробация қызметіне тіркелуге бірнеше рет себепсіз келмей және тексеру кезінде мекенжайында болмаған. Одан бөлек, қоғамдық орнында алкогольдік ішімдік ішіп, масаң күйінде жүрген жерінен жергілікті учаскелік инспекторымен ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігінің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынған»,- деді аудандық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Серік Сейталиев.
Сотталған азаматтар жоғарыда аталған заңбұзушылықтарына сәйкес, Арал аудандық пробация қызметімен оған қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін сотқа ұсыным жолданған. Сот шешімімен, Р. есімді азаматтың бас бостандығын шектеу түріндегі 1 жыл 5 ай өтелмеген жазасы, Н. есімді азаматтың 2 жыл 8 айы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын одан әрі өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...