Пробация есебіндегі азаматтарға деструктивті ағымдар туралы түсінік берілді

Жалағаш аудандық пробация есебіндегі азаматтардың  түзелу жолына түсуіне және  діни көзқарасын дұрыс қалыптастыру мақсатында пробация қызметкерлері арнайы маманмен кездесу өткізді.

Кездесуге Қызылорда облысы бойынша Дін істері Басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ-нің Жалағаш аудандық бөлімінің меңгерушісі  А. Байқабылов шақыртылды.  Ол сотталғандарға  деструктивті ағымдар туралы түсінік берді. Нақтырақ айтатын болсақ, теолог маман сотталғандарға  адамзат әлеміндегі қатыгездік пен бейбіт адамдар арасындағы алауыздық тудыратын қауіпті ағымдардың ұстанымдарының дұрыс еместігін, дәстүрлі Абу-Ханифа мазхабыныңан  мысалдар келтіре отырып әңгімелеп берді.

Сондай-ақ, салт- дәстүріміздегі адамгершілік тәрбиесі жайында да,  көптеген мағлұматтар айтты. Яғни, оларды ҚР Діни басқармасының бекітілген Қағидаларының талаптарына сәйкес ұстанымында болып, наным-сенімі адасқан экстремистік көзқарасты насихаттаушы топтардың жетегіне ермеуге шақырды. Кездесу соңында сотталғандардың көкейінде жүрген түрлі діни сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...