Пробация бақылауындағы сотталғандар арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Жастар ресустық орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Қызылорда қалалық пробация қызметі есепте тұрған сотталғандар арасында үстел теннисінен жарыс өткізді. Жарыс Жастар ресустық орталығында өтті.
Аталған спорттық іс-шара мақсаты -әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ сотталғандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бағытталған.

Қызықты да тартысты өткен спорттық шараның әділ өтуіне Жастар ресустық орталығының мамандары қазылық етті. Жарыс нәтижесімен үстел теннисінен жүлделі орындарға ие болған сотталғандар мақтау қағаздарымен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.

Сотталғандар арасындағы жарыстан кейін пробация қызметінің қызметкерлері сотталғандар арасында құқық бұзушылықты сақтау мен алдын алуға, жазасын өтеуден босатылған азаматтарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыруға арналған дәріс оқыды.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: СОТ ӘДІЛДІГІНІҢ САПАСЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ФАКТОР

Құқықтық мемлекет құру жолында тіл мәселесі екінші кезектегі емес,...

18 наурыз – Ұлттық киім күні

18 наурыз – «Ұлттық киім» күніне орай «Ұлттық киім...

Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте

Мемлекеттік тіл – татулық тірегіТілден биік асқар жоқ,Тілден асқан...

Сот жүйесіндегі цифрландыру: тиімділік пен жауапкершілік

     Қазіргі таңда қоғамның барлық саласында цифрландыру үрдісі қарқынды...

ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС

Уважаемая Аида Галымовна! Как Вам известно, 30 января 2026 года...