Pro bono бағыты бойынша білім және денсаулық сақтау саласының мамандарына құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Білім және Денсаулық сақтау басқармасы, сонымен қатар оларға қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің лауазымды тұлғалары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында семинар өткізілді.

Мекеменің бірінші басшылары мен бас есепшілерінің қатысуымен өткен шарада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ардагері Б.Ниязов және өңірлік Антикор басшысының бірінші орынбасары А.Ашиков қатысты.

Кездесу барысында А.Ашиков облыстық  білім және денсаулық сақтау басқармалары мен оларға бағынысты мекемелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарға тоқталып, тәуекелдерді атап өтті.

Өз кезегінде, Бақытжан Мақсұтұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жетілдіру жолдары мен оның алдын алудың негізгі құралдарына тоқталып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін атқарылатын шаралар жайында сөз қозғады.

Өткізілген құқықтық ағарту еңбек ұжымдарына, мемлекеттік қызметшілерге бұл саладағы мемлекет саясатын  жақсы түсінуге, өз міндеттері мен құқықтарын нақты білуге мүмкіндік бере отырып, елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Мұндай семинардан күтілетін нәтиже мемлекетік қызметшілердің  құқықтық мәдениетін арттыру және сыбайлас жемқорлық әрекеттерге жол бермеу.

Семинар соңында қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағыттылған әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...