12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өткізілуде

Биылғы жылдың 1 маусымынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы №141 Жарлығымен бекітілген Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру қағидаларына сәйкес, резервке іріктеуге отыз бес жастан аспаған, жоғары білімі және бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Іріктеуге қатысу үшін келесідей мынадай құжаттар ұсынылады:

1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) білім туралы құжаттың көшірмесі;

3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

4) мемлекеттік тіл бойынша емтиханды тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат.

Осы ретте, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы  Ш.Әлімханның сұхбаты.

Тілші:

Құрметті Шынарай Әлімханқызы, бүгінгі таңда іріктеу туралы айтып өтсеңіз.

Ш. Әлімхан:

Өздеріңізге мәлім, дарынды, бастамашыл, жаңаша ойлайтын жастарды мемлекеттік басқару ісіне тартуға бағытталған Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған болатын.

Бұған дейін үш іріктеу өткізілгенін білесіздер. Атап айтқанда, 2019, 2021 және 2023 жылдардағы іріктеулерге 60 мыңнан астам азамат қызығушылық танытты, олардың нәтижелері бойынша резервке 400 адам қабылданды (2019 жылы – 300 адам, 2021 жылы – 50 адам, 2023 жылы-50 адам).

Резервке алынған 400 адамның 318-і мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда жұмыс істеуде, яғни жалпы санының 80%-ы жұмысқа орналастырылды.

Биыл Агенттік Президенттік жастар кадр резервіне кезекті төртінші іріктеу өткізілуде. 

Төртінші іріктеудің ерекшелігі – әр бағыт бойынша кандидаттардың біркелкі санын қамтамасыз ету мақсатында әрбір кезеңде пропорционалды іріктеу өткізу. Яғни, резервтің әр салалық бағыты бойынша квоталар қарастырылып, іріктеу сол салалық бағыт бойынша ғана жүргізілетін болады.

           Кандидаттарға қойылатын жалпы талаптар бұған дейін өткізілген іріктеудің талаптары сияқты, яғни, кандидаттардың жасы 35-тен аспауы, жоғары білімінің, бес жылдан кем емес еңбек өтілінің және қазақ тілін меңгеруі В1 деңгейінен төмен емес болуы туралы талаптар сақталатын болады.

Тілші: Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу не үшін өткізіліп отыр, мақсаты қандай?

Ш. Әлімхан: Президенттік жастар кадр резерві – Мемлекеттік басшысының талантты жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту жөніндегі бастамасы. Негізгі көздеген мақсаты – мемлекеттік аппараты жетілдіру және басшылардың жаңа буынына жол ашу. Резервке іріктеу жоғары кәсіби қасиеттер негізінде олардың мансабын өсіруге мүмкіндік береді. Олардан елді дамытуға тың серпін беретін жаңа идея мен нятижелі жұмыс күтеміз.

Тілші: Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қандай кезеңдерден тұрады?

Ш. Әлімхан: Резервке іріктеу келесі кезеңдерден тұрады:

1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау;

2) мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;

3) ситуациялық тапсырмаларды шешу;

4) құзыреттерді бағалау;

5) Резервке іріктеу жөніндегі сарапшылық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу;

6) Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау.

Тілші: Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жөніндегі сарапшылық комиссияның құрамында кімдерден болады?

Ш. Әлімхан: Сарапшылық комиссияның құрамын Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі, соның ішінде мемлекеттік органдардың басшылары қатарынан айқындайды.

Тілші: Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қанша уақытқа созылады?

Ш. Әлімхан: Президенттік жастар кадр резервіне құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымынан басталып, іріктеудің барлық кезеңдері 25 қазанына дейін жалғасады.

Беспомощные жертвы перед лицом преступности: фундаментальное исследование и призыв к действию

В современном мире, где повестка дня часто переполнена экономическими...

Қымызмұрындық көрем десең, Кегенге кел!

21 маусым күні Алматы облысы, Кеген ауданы, Қарқара жайлауында...

В АСТАНЕ ЧЕСТВУЮТ ЛУЧШИХ МЕДИЦИНСКИХ РАБОТНИКОВ СТРАНЫ

В преддверии профессионального праздника – Дня медицинского работника –...

АСТАНАДА ЕЛДІҢ ЕҢ ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Астанада еліміздің денсаулық сақтау саласының...